Мұрағат

<< < Жел 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Проекты CRM Документы

"Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті" атты онлайн кездесу

 "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті"

15.10.2020 жылы "Сыбайлас жемқорлық" стратегиясын жүзеге асыру аясында "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті" атты 10-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Шараның мақсаты - қоғамдағы "жең ұшынан жалғасқан" жемқорлықтың жолын кесу, оқушыларды адалдыққа, әділдікке баулу. Қашықтан ұйымдастырылған кездесуге "Нұр Отан" партиясының партияны бақылау инспекторы Сағатов Азат Боранбайұлы қатысты. Онлайн жиын барысында оқушылар Азат Боранбайұлы мырзаға тақырып төңірегінде өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала маманынан толымды жауап алды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Адалдық дүкені

Адалдық дүкені 

 

Қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында бүгін мектебімізде АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ ашылды. Енді мектебіміздің кез келген оқушысы келіп, сөрелердегі заттардан қажетін таңдап, ақшасын төлеп, қайырымын алып сұранысын қанағаттандыра алады. Адалдық дүкенінің діттеген мақсаты мен мұраты - тұлғаны АР мен АДАМДЫҚ алдында АДАЛ болуға тәрбиелеу. Елге қызмет етіп жүрген талай адал, адамгершілік өресі биік азаматтардың томағасын сыпырған білім ордасында мұндай бұрыштың ашылуы келешекте де АДАЛДЫҚТЫҢ АҚ ТУЫН желбіретер саналы, иманды, білімді ұрпақ керуенін жалғастыруда тек сеп боларына сеніміміз кәміл.

   
   

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ кепілі»

 

02.09.2019 жылы мектептің АКТ залында Білім күніне орай 9-10 сынып оқушыларына «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды адам баласының ортақ қазынасы білімге терең бойлап, әлемді таң қалдыратындай бәсекеге көтерілу үшін, Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін күресуге тәрбиелеу. Рухани адамгершілікке тәрбиелеп, жалпы адами қасиеттерге ие бола алатын тұлға қалыптастыру. Оқушыларды адалдыққа, жемқорлықпен күресуге тәрбиелеу.

Адалдық сағатына қонақ ретінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы шақырылды.

Оқушыларға арнай дайындалған бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп, қонақпен ашық сұхбат жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтардың жауабын ала алды.

 

�������-������������� ��������������� ����������� ��. �. ���������