Мұрағат

<< < Ақп 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  
Проекты CRM Документы

МЕКТЕПКЕ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы

№11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37, тел.50-62-73, сайт: www.11-mektep.kz

 

 

МЕКТЕПКЕ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ

 

  1.  5-сыныпқа  оқушылар қабылдау облыстың ауыл  мектептерінде  4-сынып сыныпты оқып бітірген оқушылар арасында ана тілінен (жазбаша) және математика (бақылау) пәндерінен  емтихан алу арқылы, конкурстық  негізде жүргізіледі. Конкурсқа 4-сыныпты «үздік»  оқып аяқтаған (интернат үшін облыс аудандарынан) оқушылар қатыса алады. Талапкерлерді тіркеу ағымдағы жылдың                          24 сәуір - 10 мамыр күндері, конкурстық емтихан 16 мамыр күні өтеді. 

 

        5-сыныпқа қабылдау үшін Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:

1.1.   Берілген үлгідегі ата-анасының немесе қамқоршысының өтініші;

1.2.   Оқушының 4- сыныптағы сабақ үлгерімі туралы табелінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

1.3.   Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

             1.4.   ЖСН көшірмесі.

 2. Бағдарлы 7-сыныптарға  оқушылар қабылдау жаңартылған білім мазмұны негізінде  облыстың және Орал қаласының мектептерінің 6-сыныпты оқып бітірген  оқушылары арасында  қоғамдық-гуманитарлық бағытқа  қазақ тілі мен  әдебиеті  пәнінен  эссе және  ауызша емтихан (тыңдалым, айтылым);  тарих пәнінен (эссе);  жаратылыстану-математика (химия-биология) бағытына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе (жазбаша); математика пәнінен (бақылау); жаратылыстану пәнінен (тест); жаратылыстану-математика (математика-физика) бағытына     бағытына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе (жазбаша); математика пәнінен (бақылау); математикалық  логикадан (тест) емтихан алу арқылы  конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурсқа 6-сыныпты «үздік» және «оқу екпіндісі» үлгерімімен оқып аяқтаған оқушылар қатыса алады. Талапкерлерді тіркеу ағымдағы жылдың 24 сәуір-10 мамыр күндері аралығында жүргізіліп,  конкурстық емтихан ағымдағы жылдың 16 – 17 мамыр күндері өткізіледі.

 

        Бағдарлы 7-сыныпқа қабылдау үшін Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:

2.1.   Берілген үлгідегі ата-анасының немесе қамқоршысының өтініші

2.2.   Оқушының 5,6 сыныптағы сабақ үлгерімі туралы табелінің түпнұсқасы мен көшірмесі.

2.3.   Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі

2.4.   ЖСН көшірмесі

-   . .