Мұрағат

<< < Сәу 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Проекты CRM Документы

2021-2022 оқу жылына 7-сыныпқа конкурс негізінде құжаттар қабылдау

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

2021-2022 оқу жылына Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 7-сыныпқа конкурс негізінде құжаттар қабылдайды.

Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында  qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.

 

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

 1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);

2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған анықтамасы;

4) үміткердің 3х4 көлеміндегі фотосуреті (электронды түрде болады).

 

7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:

математика және логика-55 сұрақ;

оқу сауаттылығы-10 сұрақ;

Қазақстан тарихы-10 сұрақ.

7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.

 

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ

Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

 

        НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.

Техникалық сұрақтар бойынша 8 (7172) 29-52-66 телефонына хабарласыңыз.

Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 29-49-98 телефонына хабарласыңыз.

 

Толық ақпарат алу үшін:

Мекен жайы: Мұхит көшесі 37

Байланыс телефоны:  +7 (7112) 50-62-73

Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мектеп сайты: http://www.11-mektep.kz/

Whatsapp +7 (705) 796-72-47

Instagram 11_mektep_oral

 

�������-������������� ��������������� ����������� ��. �. ���������