Мұрағат

<< < Oct 2019 > >>
Mo Tu We Th Fr Sa Su
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Проекты CRM Документы

Мектеп миссиясы

          Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені - сексен жылдан астам тарихы бар, қоғамның қилы кезеңін бастан өткерген, бүгінгі биігіне жеткенше талай баспалдақтан өткен, ХХІ ғасыр талабына сай ұлттық үрдісте даму үлгісін таңдаған, республика көлеміне танылған мектеп. Әр елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының біліктілігіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі кезек күттірмейтін шара еді. Жастардың ақыл-ойын барынша дамыту үшін білім беру жүйесін неғұрлым тиімді құра білген ұлттың өнегесі биік, абыройы артық болмақ.

Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауында көрсетілді. Ол 1999 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан  ілгерілеуінің маңызы ретіндегі білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашылық, іскер тұлға қалыптастыруға бағыт алу, жеке тұлға қалыптастыру сияқты мақсаттарды көздейтінін толық қамтыды. Жалпы орта білім беру жүйесін дамытуда тың өзгерістер енгізілді. Оқыту жүйесі жан-жақты әрі терең жүргізілуі мақсатында лицей, гимназия, дарынды балалар үшін арнаулы мектептер көбейді. Сол бағытта С.Сейфуллин атындағы №11 лицей мектебі де заман талабына сәйкес жас ұрпақтың бойындағы білімге деген құштарлыққа бұрынғыдан да кең жол ашылып, терең де жан-жақты білім беру мақсатында 1999 жылы 8 желтоқсанда облыс әкімінің №242 шешімімен мектеп статусы өзгеріп, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені болып, дәрежесі жоғарлатылды.

          Бүгінгі мектеп – терең білім мен ғылымға жол салатын, ізгілік пен адамдыққа тәрбиелей отырып, өзін-өзі дамытып, қабілетін жетілдіре біліп, қоғамға белсене араласатын елінің болашағына өз үлесін қосатын жеке тұлға тәрбиелейтін дарынды балалар мектебі.

        Мектеп басшысы Е.Қ.Сапаровтың «Жаңа үлгідегі мектептің жұмысын ұйымдастыру» (1997 ж), іс-тәжірибесін жинақтаған еңбегіне қоса, әр ұстаздың инновациялық ізденістерімен оқытудың әр түрлі сатысында білім берудің жаңа технологиясын шеберлікпен пайдалануы оқыту жүйесіне негіз болады. Үш қабатты мектеп үйінің оқу кабинеттері уақыт талабына сай техникалық және көрнекі оқу-құралдарымен жабдықталған. 1998 жылы 12 ақпанда 11 пән бойынша 121 баламен ашылған «Болашақ» мектебі де осы талапқа сай білім беру сапасы жылдан жылға жетіліп келеді. Бұл оқушыларға жергілікті жоғары оқу орындарының ғалым-мамандары дәріс беруде. Республикалық «Дарын» ғылыми орталығымен де байланыс үлкен жолға қойылған. Оқушылар «Кіші ғылым академиясы» бөлімшесі арқылы ізденіс жұмыстарымен айналысып, ғылыми жобалар байқауына қатынасты. Бүгінгі таңда мектепте 795 оқушы білім алуда. Оның 212 оқушы облыс аудандарынан конкурстық жүйеде қабылданып, интернатта тәрбиеленуде. Сәкен мектебі - ізгі ілім, ғылымға тәрбиелейтін дарынды балалардың бас қосар іргелі білім ошағы.

     Мектеп-интернат кешенінің материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған. Оқушыларға оқуға, демалуға барлық жағдай жасалған. Мектеп кешенінде оқу кабинеттері, Өнер мектебі, кітапхана, оқу залы, интернат, емдеу-сауықтыру кешені, спорт залдары және «Дарын» жазғы демалыс лагері бар. Оқу үрдісі 4 сатыдан тұрады: мектеп алды даярлық саты, бастауыш саты (1-4), бағдарлы оқуға даярлық саты (5-7), жоғарғы саты (8-11) бағдарлы тереңдетіліп (қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттарында) оқытылады.

 

-   . .