Директор блогы
Мен сiзбен өзiмнiң жеке блогымда кездескенiме қуаныштымын.
Бала тәрбиесінде мектептің, ата-ананың және қоғамның ынтымақтастығы маңызды роль атқарады. Сондықтан да, мүмкiндiктерiңiз болса, мектептің тыныс-тіршілігі, оқу-тәрбие үдерісі туралы маған өз пiкiрлерiңiздi жазыңыздар, ойларыңызбен бөлiсiңiздер, ұсыныстарыңызды айтыңыздар.
Мұндай формадағы кері байланыс сізге де, бізге де өз пайдасын тигізетінене сенімдімін.
Бактугулов Даниар
Құрметті директор мырза! Мен қызымды бесінші сыныптан бастап Сіз басқарып отырған мектепке бергім келеді. Сол себепті Сізден сұрағым келіп тұр, қай уақыттан бастап құжаттар қабылданады, қандай пәндерден емтихан тапсырылады және ол қашан болады? Алдын ала рахмет!
Â
Құрметті, Даниар!
2016-2017 оқу жылына мектептің 5-сыныбына оқушылар қабылдаудың ережесі әзірленуде. Ереже педагогикалық кеңесте қаралып, бекітілген соң мамыр айының басында мектеп сайтына орналастырылады.  Ережеде конкурс өтетін күндер, емтихан болатын пәндер т.б. мәліметтер толық болады.Â
Құрметпен, Е.Қ.Сапаров
Â
Thursday, 07 April 2016
Армат
Саламатсыз баÂ
2016-2017 Оку жылына 1 сыныпка кабылдау ушин кандай кужаттар керек ? Емтихан калай отеди ?
Â
Monday, 14 March 2016
Хайретдинова Дария
Саламатсыз ба
2016-2017жылғы оқу жылына 9сыныпқа қабылдайсыз ба? Және қабылдасаңыз қандай кұжаттар керек, кандай пәндерден іріктеу жүргізіледі?
Â
Жауап: Саламатсыз ба, Дария!
Â
Saturday, 12 March 2016
Кабашева Бакытгул Габитқызы
 Саламатсызба! 2015-2016 жылғы оқу жылына 9 сыныпқа өнер мектебіне қабылдана ма? алдын ала ракмет
Құрметті, Ата-ана!
2015-2016 оқу жылына оқушыларды қабылдау ережесіÂ 2015 жылғы 12 мамырдағы №5 Педагогикалық кеңесте бекітілді. Бұл Ережемен мектептің ресми сайтынан таныса аласыз. Осы Ережеге сәйкес 9-сыныптарға алдағы оқу жылына оқушы қабылдау жүргізілмейді.
Құрметпен, Е.Қ.Сапаров
Tuesday, 26 May 2015
Сайран Жамбылқызы
Қайырлы күн! 2015-2016 ЖЫЛҒЫ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ҚАТЫНАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ.ЕМТИХАН КЕСТЕСІНДЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН, ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІН ЖІБЕРСЕҢІЗ. РАХМЕТ!
Â
Құрметті Сайран Жамбылқызы!
Â
http://11-mektep.kz/ru/novosti/202-2015-2016-o-u-zhylyna-oblysty-zh-ne-alany-mektepterinen-ba-darly-10-synyptar-a-o-ushylar-abyldau-emtikhandaryny-kestesi
Â
Saturday, 23 May 2015
Дамеш
Саламатсыз ба, Ерсайын Қадырұлы. 2015-2016 оқу жылына өнер мектебіне 7 сыныпқа оқушы қабылдана ма?
Құрметпен Дамеш
Құрметті, Дәмеш!
2015-2016 оқу жылына 7-сыныпқа оқушылар қабылданбайды. Ал, мектеп жанындағы "Өнер" мектебіне басқа мектептен келіп оқуға болады. Ол үшін "Өнер" мектебінің оқу ісінің меңгерушісіне жолығасыз.
Құрметпен, мектеп директоры Е.Қ.Сапаров
Thursday, 07 May 2015
Зинаида
Қайырлы күн! 2015-2016 ЖЫЛҒЫ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ҚАТЫНАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ ЖӘНЕ Â МЕКТЕПТІҢ МЕКЕНЖАЙЫН ЖАЗСАҢЫЗ ЕКЕН.Â
Құрметті,Зинаида
2015-2016 оқу жылына 5-сыныпқа ғана оқушыларды қабылдау жүргізіледі. Қабылдау жоспары, емтихан кестесі, қажетті құжаттар тізімі ағымдағы жылдың 11-мамыр күні мектеп сайтына жарияланады.
Құрметпен, мектеп директоры Е.Қ.Сапаров
Wednesday, 06 May 2015
Сагадат
Салеметсіз бе! алдағы жылға 8-сыныпқа оқушы қабылдайсыз ба? Алдын ала Рахмет!
Құрметті,
2015-2016 оқу жылына 5-сыныпқа ғана оқушыларды қабылдау жүргізіледі. 8-сыныпқа қабылдау жүргізілмейді.
Құрметпен, мектеп директоры Е.Қ.Сапаров
Wednesday, 06 May 2015
Хайрушева Гульнара Саматовна
Саламатсызба!5 сыныпқа қабылдау емтиханы қай уақытта,қашан өтінішті тапсыруға болады.
Tuesday, 05 May 2015
Асылжан
Ерсайын Қадырұлы, Қайырлы күн! Сиздин мектепке бірінші сыныпқа балалар қабылданады ма?Â
Құрметті, Асылжан!
2015-2016 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдамаймыз.
Tuesday, 28 April 2015
Нурай
Салеметсіз бе! Менің кызым 3 сыныпты ауылдан бітіргелі жатыр. Енді 4 сыныпты 2015-2016 жылы сіздің мектепке қабылданама екен?
Құрметті, Нурай!
2015-2016 оқу жылына 4-сыныпқа оқушыларды қабылдамаймыз.
Tuesday, 21 April 2015
Динара
Сәлеметсізбе, Ерсайын Қадырұлы! 9-сыныпқа 2015-2016 оқу жылдарына қабылдау қашан және қандай құжаттар қажет соны білгім келеді?
Құрметті, Динара!
Monday, 20 April 2015
Самал
Сәлеметсіз бе! 2015-2016 оқу жылына 7 сыныпқа қабылдау қашан болады? Қандай құжаттар қажет?
Monday, 13 April 2015
Ғалия
Сәлеметсіздер ме! 2015-2016 оқу жылына 5- сыныпқа қабылдау қашан болады? Осы жөнінде білгім келеді?
Saturday, 21 February 2015
Саматова
Сәлеметсіз бе, 2014-2015 оқу жылына дайындақы тобына (о) құжаттарды қабылдау қашан басталады? Қандай емтихандар оздырылады? Қандай құжаттар тапсыру қажет?
Балам 6 жаста.
Құрметті, Саматова!
2014-2015 оқу жылына дайындық тобына балаларын тіркетуге тілек білдіретін ата-аналар үшін мектепте 6 қыркүйек күні сағат 10:00-де жиналыс оздырылады. Барлық сұрақтарңызға осы кезде толық жауап ала аласыздар.
Құрметпен, Е.Қ.Сапаров
Thursday, 29 May 2014
Нуры
Сәлематсыз ба, Ерсайын Қадырұлы! 5-сыныпқа қабылдау емтиханы қай күні болады екен? Осы жөнінде білгім келеді. Рахмет!
Жауап: Облыстың ауылдық мектептерінен 5-сыныпқа оқушылар қабылдау емтихандарының кестесі
Thursday, 22 May 2014
Мира
Саламатсыз ба, Ерсайын Қадырұлы!
Мектеп алды даярлық сыныбына қалай қабылдайсыз? Рахмет!
Жауап: Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ-мектеп интернат кешенінде 2014-2015 оқу жылының қыркүйек айының басында сенбі күндері(аптасына бір күн)оқитын даярлық топтары ашылатындығын хабарлайды.
Thursday, 17 April 2014
Ғабит
Қайырлы күн, Ерсайын Қадырұлы!
Сіздің мектепке 5-сыныпқа оқушыларды қалай қабылдайды. Осы жөнінде білгім келеді. Алдын-ала рахмет.
Құрметпен, Ғабит.
Жауап:
Қайырлы күн, Ғабит!
Келесі 2014-2015 оқу жылына 5-сыныпқа оқушылар ауылдық мектептерден қабылданады. Қала мектептерінің оқушылары қабылданбайды. Себебі, 4-сыныпты өзіміздің бастауыш бөлімнен бітіретін үш сыныбымыз бар. Сондықтан, мектебіміз әрі мектеп-интернаты болғандықтан бір сынып көлемінде ауылдық мектептерден оқушылар қабылданады. Қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Математика пәнінен бақылау жұмысы және қазақ тілі пәнінен жазба жұмысы өткізіледі. Екі емтихан қорытындысы бойынша конкурс ұйымдастырылады. Оқушыларды қабылдау кестесі 2014 жылдың мамыр айының басында мектеп сайтына шығарылады.
Құрметпен, Ерсайын Қадырұлы.
Friday, 07 February 2014
Evana
Просто обалдела! Вы создали самый лучший сайт! Быстро нашла вас в гугле. На сайте много очень нужной информации. Нашела все что искала. У вас очень классный интернет сайт! От меня вам спасибо!
Жауап: Рахмет
Friday, 27 December 2013