Мұрағат

<< < Nov 2019 > >>
Mo Tu We Th Fr Sa Su
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Проекты CRM Документы

Хабарландыру!

«Үздік сабақтар» мектепішілік акциясын өткізу туралы.

Күнделікті сабақтардың сапасын арттыру мақсатында пәндік онкүндіктер барысында   «Үздік сабақтар» мектепішілік акциясын өткізуге шешім қабылданды.

Акция 2014-2015 оқу жылы бойына жүргізіледі. Педагогикалық ұжым тегістей қатысады. Акцияны өткізу туралы ереже дайындалып, бекітілді.

 

«Үздік сабақтар» мектепішілік акциясын өткізу туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1.     «Үздік сабақтар» мектепішілік акциясын өткізу туралы ереже «Үздік сабақтар» мектепішілік акциясын (бұдан әрі – Акция) өткізу тәртібін анықтайды.

2.     Акция озат іс-тәжірибелерді насихаттауға, өзара тәжірибе алмасуға және мектептің мәртебесіне орай білім сапасын көтеруге бағытталған.

3.     Акцияның ұйымдастырушысы ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.

4.     Мұғалімдердің Акцияға қатысуын ұйымдастыру әдістемелік бірлестік аясында жүзеге асырылады.

5.     Акция 2014-2015 оқу жылындағы жоспарланған пәндік онкүндіктер аясында жүзеге асырылады.

6.     Акцияның мақсаты – үздік сабақтар жинағын жасақтау, озат іс-тәжірибелерді тарату және күнделікті сабақтардың берілу сапасын көтеру.

7.     Акция барысында пәндік онкүндік өткізуге жауапты әдістемелік бірлестік мүшелерінің сабақтарына әріптестердің қатыстырылуы ұйымдастырылады. Ашық сабақтар жоспарланбайды.

8.     Акцияның міндеттері:

1.       Күнделікті сабақтардың жоспарлануын түрлендіру;

2.       Сабақтарда жаңа технологиялар мен сандық техникаларды кеңінен қолдануды жүзеге асыру;

3.       Күнделікті сабақтардың берілу сапасын көтеру;

4.       Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

5.       Оқушылардың пәндер бойынша білім сапасын көтеру;

 

2. Акцияны өткізу тәртібі

 

9.     Акцияға мектептің педагогикалық ұжымы түгелдей қатысады.

10.Әрбір сабақ берген мұғалім сабаққа қатысқан әріптесінен сабақтың талдауын (кері байланыс парағы) алып қалуы міндетті.

11.Онкүндік соңында әрбір мұғалім өзінде жинақталған барлық кері байланыс парағын әдістемелік бірлестік жетекшісіне тапсырады. ӘБ жетекшісі бұл құжаттарды ӘБ жұмыс папкасына жинақтайды.

12. Пәндік онкүндік аяқталған соң онкүндік өткізуге жауапты болған әдістемелік бірлестік мүшелерінің әрқайсысы ең үздік деп танылған бір немесе екі сабағының жоспарын мектеп сайтының (www.11-mektep.kz)  әдістемелік қалта бөліміне жүктеуге міндетті.

 

Пәндік әдістемелік онкүндіктер өткізу кестесі

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

Нәтиже

1

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері ӘБ онкүндігі

12.11-21.11.2014 ж.

 

Ығылманова Ш.Р. және ӘБ мүшелері

Портфолио жинақтау

2

Тарих, құқық, қоғамтану және қоғамдық пәндер ӘБ  онкүндігі.

2.12-11.11.2014 ж.

Алышев Б.С. және ӘБ мүшелері

Портфолио жинақтау

3

Бастауыш сыныптар ӘБ онкүндігі

18.12-26.12.2014 ж.

 

Ишанова М.Т. және ӘБ мүшелері

Портфолио жинақтау

4

Кураторлар ӘБ онкүндігі

Тапалова М.Ж. және кураторлар

5

Ағылшын тілі мен орыс тілі пәндері ӘБ онкүндігі

14.01-23.01.2015 ж.

 

Бисенғалиева А.Н. және ӘБ мүшелері

Портфолио жинақтау

6

Дене тәрбиесі мен АӘД пәндері ӘБ онкүндігі

Сагутдинов Р.С. және ӘБ мүшелері

7

Аттестациядан өтетін мұғалімдер онкүндігі

28.01-6.02.2015 ж.

 

Шоңбаев Ж.М.

Бөлім меңгерушілері,

Ағымдағы жылы аттестациядан өтетін мұғалімдер

Портфолио жинақтау

8

Физика, математика, информатика, технология, сызу және сурет пәндері ӘБ онкүндігі

11.02-20.02.2015 ж.

 

Мұсағалиева Г.Қ. және ӘБ мүшелері

Портфолио жинақтау

9

Химия, биология және география пәндері ӘБ онкүндігі

25.02-6.03.2015 ж.

Қазиханова Э.Б. және ӘБ мүшелері

Портфолио жинақтау

10

Жас мамандар ӘБ онкүндігі

8.04-17.04.2015 ж.

Батырғалиев М.Х. жас мамандар және олардың тәлімгерлері

Портфолио жинақтау

11

«Өнер» мектебі ӘБ онкүндігі

Кусаинова З.Х. және ӘБ мүшелері

12

«Мұғалімнің кәсіби дамуы - білім беру жүйесін жаңартудың негізі» атты тұрақты семинар-практикумының шығармашылық топтарының онкүндігі

20.04-29.04.2015 ж.

Шоңбаев Ж.М.

Ғаббасова Ұ.Қ.

Мұсағалиева Г.Қ.

Бисенғалиева А.Н.

Лұқпанов Х.Қ.

Шманова Н.О.

Портфолио жинақтау

13

Тәрбиешілер ӘБ онкүндігі

Төлегенова Р.Қ. және тәрбиешілер

 

Ғылыми-әдістемелік орталық

 

-   . .