Мұрағат

<< < Nov 2019 > >>
Mo Tu We Th Fr Sa Su
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Проекты CRM Документы

Хабарландыру!!!

Оқушылардың мектепішілік пәндік олимпиадасын өткізу туралы.

Оқушылардың мектепішілік пәндік олимпиадасын өткізу туралы.

 

Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 17-22 қараша күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізіледі.

Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізіледі:

1)  қазақ тілі мен әдебиеті;     

2) қазақстан тарихы; 

3) орыс тілі мен әдебиеті; 

4) ағылшын тілі; 

5) математика;          

6) физика;

7)  информатика; 

8) химия; 

9) биология; 

10) география;                              

11) құқық негіздері

Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 10-11 сыныптар, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатыстырылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан  оқушылар іріктеліп, аймақтық және облыстық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталады және алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.

 

 

Ғылыми-әдістемелік орталық

 

-   . .