Мұрағат

<< < Oct 2019 > >>
Mo Tu We Th Fr Sa Su
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Проекты CRM Документы

Негiзгi бет

Эстафета

Эстафета

Мектебіміздің 95 жылдық мерей тойына арналған түлектердің "Ұшырған қия белге түлегіңмін" атты эстафетасы

10-сыныпқа қабылдау емтиханының қорытындысы

10-сыныпқа қабылдау емтиханының қорытындысы

2019-2020 оқу жылына облыстың және қаланың мектептерінен бағдарлы 10-сыныптарға оқушылар қабылдау емтиханының қорытындысы

МЕКТЕПКЕ 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ӨНЕР БАҒЫТЫНДАҒЫ 5-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕСІ

МЕКТЕПКЕ 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ӨНЕР БАҒЫТЫНДАҒЫ 5-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕСІ

                МЕКТЕПКЕ 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕСІ      …

"Бабалар үні" Қобыз пати (бейнежазба)

"Бабалар үні" Қобыз пати (бейнежазба)

"Бабалар үні" Қобыз пати    

Домбыра пати (бейнежазба)

Домбыра пати (бейнежазба)

Домбыра пати      

Жас ұланға қабылдау

Жас ұланға қабылдау

Жас ұланға қабылдау   

"Қарттарым-асыл қазынам"

"Қарттарым-асыл қазынам"

  1 Қазан - Халықаралық қарттар күні арналған шағын концерт

Денсаулық фестивалі-2017 (бейнежазба)

Денсаулық фестивалі-2017 (бейнежазба)

                                       …

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

1924 жылы Орал қаласында тұңғыш ұлттық мектеп болып ашылған, бүгінгі Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің тарихы терең, шежіресі мол. Мектептің сексен жылдан астам өмір тарихында талай қазақ баласы білім алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Бір кезде жартылай панасыз балаларға арналып ашылған мектеп өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын мектеп дәрежесіне дейін көтерілді.

Ұзақ  жылғы білім мен тәрбие беру жолында есімдері көпке танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін түлетті.

Сол жылдарда талмай еңбек етіп, шәкірт жүрегіне ізгілікті жол таба білген ұстаздар мен интернат тәрбиешілерінің еңбегі орасан зор.

Кезінде мектептің ашылуына қамқорлық жасаған, бүгінде есімі берілген Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы да кейінгі ұрпаққа үлкен тәрбие мектебі.

Біздің қазіргі алдымызға қойған мақсатымыз - өткенге құрметпен қарай отырып, байырғы білім ордасының өмір жолын кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Осы мақсатта мектептің 70 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығы қарсаңында мектеп мұражайы ашылып, ақынға ескерткіш орнатылды. Мектептің әр жылғы түлектері мен оларға білім берген ұстаздары туралы материал жинастырдық, мұрағат материалдарын қарастырдық. Осындай жұмыстарға бүгінгі шәкірттерді іздендіріп, ұстаздар күшімен әр салада басшылық жасалды, мұражайға есімдері жазылып, суреттері ілінді. Бүгін арамызда жоқ шәкірттер мен ұстаздарға альбомдар жасалды.

Кейбір табылмаған материалдар туралы бүгінгі күнде де жұмыстанып жатырмыз және бұл үрдіс әлі де жалғаса беретіні сөзсіз.

Атқарған жұмысты жас ұрпаққа терең ұғындыру – ұстаз-тәрбиеші ұжымының тәрбие саласында атқарып жатырған басты жұмыстарының бірі. Бүгінгі таңда еліміздің өсу-өркендеу, әлем елдері қатарынан танылған шағында табысты жұмыстарымен  есімдері аталып, еңбектері ерекшелене көрінген адамдар өмірі де ұрпаққа үлкен өнеге болмақ. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы 10 мамыр айында мектебімізге келген сапарында «Республикадағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі» деп атап, үлкен үміт артып, сапалы білім мен тәрбие беруіне сенім білдіруі - болашақ атқарылар жұмыстарымызға үлкен жауапкершілік жүктейді.

 

 

-   . .